Ізгілендірудің ілкімді қадамдары

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы депутаттардың
қарауына енгізілді. Аталған заң жобасында қамтылған негізгі өзгерістер
қандай?

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері нормаларын құқықтық қолдану практикасы қазіргі күні заң шығарушылар тараптардың сотқа дейінгі кезеңде т а т у л а су и н с т и т у т ы н б а р ы нша кеңейткенін көрсетіп отыр, бұл қоғамдағы өзара қарым-қатынасты ізгілендіру болып табылады. Туындаған жанжалдың (оның
ішінде тиісті құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін) шешімін таңдау
үшін азаматтар мен заңды тұлғалар үшін өз құқықтарын жүзеге асырудың
құқықтық негіздерін қалыптастыру,сондай-ақ, реттелетін жанжалдық
жағдайға қатысушы тұлғалардың (әрі қарай медиаторлардың) жұмысын
ретке келтіру мақсатында 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданған. Аталған татуласу процедурасын жоғарыда аталған Заңға сәйкес тиісті тізілімде тіркелген медиатор, сондай-ақ, кәсіби және кәсіби емес негізде татуласу мәселесін реттеу үшін тараптардың өздері тартқан тәуелсіз жеке тұлға жүргізуге құқылы. Өзінің жұмысын жүзеге асыру барысында медиатор бейтарап болуы керек, медиацияны екі тараптың да мүддесі үшін жүргізуі тиіс және тараптардың медиация процесіне тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, тараптар кез келген сатыда медиатордан және де медиацияны жүргізу барысына қатысудан бас тартуға құқығы бар екенін білулері тиіс. Қылмыстық процесс кезінде медиация жүргізу нәтижесінде қол
жеткізілген тараптардың жанжалды реттеуге келісім беруі тұлғаға қатысты
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шегінде белгіленген қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жағдай болып табылады.
А л а й д а , б е й б і т к е л і с і м орындалмаған немесе тиісті деңгейде
қол жеткізілмеген жағдайында келісімді бұзған медиация тараптары
Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте жауапкершілікке
тартылады. А з а м а т т а р м ен а д а м д а р ды ң бірінші кезектегі іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайтушы Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституцияға сәйкес, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғарғы құндылықтар болып табылады. Заңнамалық жүйе өзгерістерінің бірінші кезеңінде мемлекеттің алдағы уақытта дамуына, халықаралық қ о ғ а м д а с т ы қ т а л а й ы қ т ы о р нын иеленуіне мүмкіндік беретін заңнамалық механизм түріндегі тиісті кепілдемелерді қамтамасыз ететін мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастың демократиялық сипатының негіздері бекітілді. Қазіргі күні заң шығарушы органдар «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірледі, біздің көзқарасымыз бойынша бұл қылмыстық процесті ізгілендіруге барынша мүмкіндік береді. Ұсынылатын өзгерістердің негізгі ( ш е ш у ш і ) а с п е к т і ле р і не н а з а р аударғым келеді. Олар: – Адвокаттардың куәлар мен қылмыстық құқық бұзушылықты көзбен көрген тұлғаларға сауал қоюды дербес жүргізу тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту арқылы адвокаттардың құқықтарын кеңейту. Ондай сауал қоюлардың нәтижелері адвокаттардың өтінішхаттары бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылуы мүмкін. Адвокатқа кез келген тергеу әрекеттерін (жасырын тергеу әрекеттерінен басқа) жүргізу туралы өтінішхат жолдау құқығы беріледі. Сонымен қатар, егер сотқа дейінгі тергеу органы аталған өтінішхатты жойған жағдайда, адвокат тергеу сотына сол өтінішхатпен жүгінуге құқылы. Адвокаттың дәлелдемелерді дербес жинау мүмкіндігі қарастырылады, алайда істің аяқталу сатысында сотқа дейінгі тергеу органдарымен қолда бар дәлелдемелермен өзара алмасуы тиіс.
– Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, экономикалық қызмет саласында қылмыс жа- сады делінген күдікті тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдау бойынша қылмыстық қудалау органдарының уәкілеттіліктері шектелді. С о т с а н к ц и я с ы н с ы з к ү д і к т і тұлғаларды ұстау мерзімі барынша қысқартылды. Жалпы ұстау мерзімі 48 сағаттан аспайды, ал кәмелетке толмағандарға қатысты 24 сағаттан артық емес. Аталған тәртіп ауыр және аса ауыр қылмыстарды, оның ішінде террористік немесе экстремистік қылмыстарды, жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, есірткі құралдарын, психотроптық заттар, прекурсорлар және оларға ұқсас заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар, кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұқпаушылыққа қарсы қылмыстар, адамның өліміне алып келген қасақана жасалған қылмыстар, сондай-ақ, алыс орналасуы немесе тиісті қатынау жолының болмауына байланысты қылмыс жасаған тұлғаны тергеу сотына уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдайлар мен төтенше оқиғалар орын алған жағдайда қолданылмайды. Мұндай жағдайларда соттың санкциясынсыз тұлғаны 72 сағаттан артық емес мерзімге ұстау мүмкіндігі сақталады. Онша ауыр емес қылмыстар бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндігі қарастырылмайды. Заң шығарушы тергеу әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайда тұлғаға оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабарлауды жүзеге асыруды міндеттейді. Осылайша алдын ала хабарлаусыз өзіне қатысты тергеу әрекеттері жүргізілген тұлғаларда өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну, сондай-ақ, қылмыстық қудалау органының іс-әрекеттері заңсыз болып табылған жағдайда келтірілген залалды өтеуді талап ету мүмкіндігі бар.
– Қылмыстық процесті оңтайландыру мақсатында жаңа процессуалдық
«бұйрықтық» өндіріс тәртібі енгізілуде. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмысты жасауда күдікті деп танылған тұлға өзінің сол іске
қатысты екенін мойындаса, жиналған дәлелдемелермен, келтірілген залалдың
көлемімен және бұйрықтық өндіріс қолданумен келіскен жағдайда, ал
құқық бұзушылық санкциясы бойынша негізгі жаза ретінде айыппұл
қарастырылған жағдайда бұйрықтық тәртіп өндірісі қолданылуы мүмкін.
Мұндай тәртіпте сот қылмыстық процесс қатысушыларын сотқа
шақырусыз үкім шығаруға құқылы. Сонымен қатар, қылмыстық теріс қылықтар бойынша қылмыстық істі анықтау органының бастығы тікелей
сотқа жолдайды, ал онша ауыр емес қылмыстар бойынша қылмыстық істер
прокуратура арқылы жолданады. Сотқа дейінгі тергеу процесіне
инновациялық технологияларды енгізуге жасалған қадамның бірі
– қылмыстық процесті цифрландыру. Қылмыстық сот өндірісін элек-
тронды форматта жүргізу мүмкіндігі нақтылануда. Бұл өзгерістерді енгізуден күтілетін нәтижесі – қылмыстық процесс мерзімдерін қысқару, тергеудің барлық сатыларында оның жүзеге асырылу деңгейін жоғарылату, азаматтардың конституциялық құқықтарын, олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық фактілерін төмендету, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылату болып табылады.

Мұратжан ШӘКЕРОВ, Шығыс Қазақстан облыстық ІІД
бастығының орынбасары, полиция полковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*