Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Кәсіби даярлық кепілі

Кәсіби даярлық кепілі

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-де жеке құрамды оқыту және жауынгерлік даярлық дағдыларын арттыру үшін тиісті база болмаған еді. 2017 жылдың ақпанында облыс әкімі Д.К. Ахметовтің қолдауымен жалпы аумағы 1,196 га. болатын бұрын таратылған ОВ-156/13 мекемесінің ғимараты ІІД теңгеріміне берілді.
Оны жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 357 млн. теңге қаражат бөлініп, қысқа мерзімде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні орталықта заманауи интерактивті тир, жаттығу залы, күрес залы, кедергі жолақтары бар спорттық қалашық алаңы, акт залы, 50 төсек орынды казармалық үй-жай және асхана бар. Сонымен қатар, облыстық ІІД Арнайы даярлық басқармасы және арнайы бөліністердің қызметкерлеріне арналған үй-жай және қызметтік кабинеттер қарастырылған.
Жеке құрамның кәсіби даярлығын жоғарылату, полиция қызметкерлерін экстремалдық жағдайлардағы іс-әрекеттерге оқып-үйрету мақсатында, оқу-жаттығу орталығы базасында 6 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оның барысында полиция қызметкерлері: арнайы-тактикалық, медициналық және психологиялық кәсіби даярлық дәрістері бойынша теориялық және практикалық оқудан өтті.
2016 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-де штат саны 30 бірлікті құрайтын арнайы даярлық басқармасы құрылғандығын айта кеткен жөн. Қайтадан құрылған бөліністің негізгі міндеті – полиция қызметкерлерінің дене, атыс және тактикалық даярлықтарын шыңдау, оларды құқыққа сай, әсіресе экстремалды, дағдарыстық жағдайларда қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындауды қамтамасыз ететін тиімді іс-әрекеттерге үйрету болып табылады.
Бұл қызметкерлер ІІМ жанындағы жиындарда оқудан өткен. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Грузия, Түркия полициясының қаруды қолдану тәртібі мен тәжірбиесі, атыс практикасы Халықаралық Конфедерацияның атыс даярлығын ұйымдастырудың зерделенген тәжірбиесі бойынша дайындалды. Сондай-ақ, ІІО қызметкерлерінің кәсіби даярлығын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар қайта зерделенді. Полицейлердің қызмет өткеру кезіндегі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы қылмыскерлерді құрықтау, қылмыс жасаған және автокөлікте жасырынған адамдарды ұстау, автокөліктен және басқа да жерден қылмыскерлерді шығару тактикасы мен тәсіліне әртүрлі жағдайларды сараптау сабақтары өткізілді.
Олар ІІМ жанындағы оқу-жаттығу жиынынан келген соң, облыс аудандарына шығып, 70-тен аса сабақ өткізді. Осы уақыт аралығында 595 қызметкер, оның ішінде бөліністердің басшылары, учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері және жедел қызметтердің қызметкерлері оқу курстарынан өтті.
Ағымдағы жылдың маусым айында жол талғамайтын «Уаз», «Нива» автокөліктері, сондай-ақ, тамыз айында жоғары жылдамдықты «Шевроле» және «Лада Веста» автокөліктері сатып алынды. Барлыѓы 276 автокөлік, сонымен қатар, жеке құрамды тасымалдау үшін 10 автобус, заманауи арнайы құралдар, жеке қорғану құралдары, қару және оқ-дәрілер алынды. Жедел басқару орталығына сыртқы бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін бейнепроекциялық қабырға орнатылды. Семей қаласындағы Затон полиция бөлімі жөндеуден өтіп, пайдаланылуға берілді, сондай-ақ, облыстағы ІІО-ның 8 ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар облыстағы жедел жағдайға оң әсерін тигізді. Қылмыстар санының 12%-ға, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар 10%-ға төмендегені сөзімізге дәлел. Жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші 3%-ға жақсарған.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған