Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Елбасының ерен тұлғасы

Елбасының ерен тұлғасы

Жуырда Павлодар қаласындағы ІІМ Оқу орталығында басшылықтың қатысуымен «Тұңғыш Президент және Қазақстанның тәуелсіздігі» тақырыбында ашық кураторлық сағаттар өтті.
Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Ж. Орымбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Астана қаласының қалыптасуы – жаңа елорданы салуды алғаш ұсынған және ол идеяны жүзеге асырған Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Астана – Президент идеясының жүзеге асқан көрінісі және барлық қазақстандықтардың еңбегінің жемісі.
Осыған байланысты ІІМ Оқу орталығында Астана қаласының 20 жылдығы тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс-шаралар жыл бойы өткізіледі. Әлемдік жаһанда Астана рөлін ашатын тақырыптық дөңгелек үстелдер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде концерттер, көрмелер, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, білім беру ұйымдары оқытушыларының қатысуымен елорданың қалыптасуы туралы дәрістер, спорттық жарыстар және сауықтыру іс-шаралары, жастар флешмобын өткізу, кітапханалар мен музейлердің тақырыптық экспозицияларына бару жоспарланған.
Полиция полковнигі Ж. Орымбаев ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары халықаралық деңгейде ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, жанжалды жағдайларды шешуге, тұрақтылық пен қауіпсіздікке септігін тигізетінін атап көрсетті. «Ел Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, құндылықтарды жаңарту мен жаңасын қалыптастыру – бұл бәсекеге қабілетті Қазақстан дамуының басты қағидасы», – деді ол.

А. КӘРІМОВА, Павлодар қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған