Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Қырық сарбаз серт берді

Қырық сарбаз серт берді

Биыл егемен ел атанғанымызға ширек ғасырдан асты. Ата-бабаларымыздың аңсап кеткен егемендігіне қол жеткізген жиырма бес жылдың ішінде қойнауы қазба байлыққа толы қазақ жері әлемге танылып, Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды. Еліміздің ширек ғасыр ішінде еңсе көтеріп, дүниежүзіне танымал болуы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі екені анық. Сондықтан да 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін қазақстандықтар мерейлі мереке ретінде атап өтеді.
Егемен еліміздегі Президент күнін жуырда Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы да асқан ұйымшылдықпен атап өтті.
Жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеген Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бауыржан Нұрсапин Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің тұғырын қатайтып, экономикасын көтерудегі жарқын бастамаларына тоқталып, Тұңғыш Президенттің өмірі жайлы баяндама жасады.
Президент күніне арналған жиын кезінде қызметке жаңадан қабылданған қырықтан астам жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Сондай-ақ, жеке құрамды мерейлі мерекемен құттықтаған күзет қызметінің ардагерлері Виктор Шимякин мен Мақсат Жылқыбаев жеке құрамға еліміздің тыныштығын күзетудегі еңбектеріне сәттілік тілеп, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мамандарға артқан сенімін абыроймен орындауға шақырды.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Сондай-ақ, оқыңыз

Тыңдаушының бір күні

Студент. Осы статусты иеленген әрбір талапкер өмірдің жаңа парақтарын ашады. Бозбала мен бойжеткендерді үлкен өмірге …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған