Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Мейірім тұнған мезеттер

Мейірім тұнған мезеттер

Халқымыз мейірімділікке қашанда үлкен мән берген. «Адам баласынан мейірімділік қашса, жер бетінен жақсылық қашады» дейді халық даналығы.
Ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлы сөзімен айтсақ: «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады». Осындай ізгі ниеттің бірін жүзеге асыруда Астана қаласы, Алматы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері бірауыздан ұйымшылдық көрсетіп отыр.
Есепте тұрған сотталғандардың ішінде қайырымдылық науқаны осы жолы Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде 2014 жылғы 9 шілдеден бастап есепте тұратын алты баланың анасы, сотталған Сәуле Сүлейменоваға көрсетілді.
С. Сүлейменова Астана қаласында пәтерді жалға алып тұрады, жұмыс істемейді. Ана болған соң, баланы бағып-қағып, түн ұйқысын төрт бөліп, әр балаға ана жылуын бөлудің маңызы зор. Алайда, ананың аяулы алақанымен қатар, әр баланы материалдық жағынан қамтамасыз ету қажет. С. Сүлейменованың алты баланы асырауға жағдайы келе бермейді.
Біз қайырымдылық науқаны үшін сатып алынған заттарды алып көп қабатты үйдің алтыншы қабатына көтерілдік. Бізді алаңсыз отырған үй иесі мен жүгіріп ойнап жүрген балалар қарсы алды. Төр бөлмеге кіргенде төсек тартып жатқан әжені көрдік. Әжеге сәлем беріп, хал-жағдайын сұрадық. Кеуана мүгедек екен…
Осы орайда, жүректі елжіреткен тағы бір жағдайды айтар болсақ, сол кездегі үйде отырған ойын балаларының жәудіреген көздеріндегі қуаныш пен мұңды көріп, олардың бірде қолдарына тисе, бірде тие бермейтін тәтті мен әртүрлі тағамдарды ұсынғанымызда мәз-мәйрам болып бір-бірімен бөлісіп жатқаны бізді бейжай қалдырмады. Қуанған ананың қуанышында шек жоқ. Үй иесі жылы лебізін, рахметін айтып шығарып салды.

Жансерік БАЛҒАБАЕВ, Астана қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Алаяқтарға алданғандар қатары көп

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде қайтарымсыз несие алып беремін деп азаматтарды алдап келген ер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған