Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сарыөзектегі жаңа вокзал

Сарыөзектегі жаңа вокзал

Жуырда Алматы облысы, Сарыөзек стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімшесінің мұрындық болуымен аталған стансада жаңа темір жол вокзалы ашылды.
Сарыөзектегі салтанатты шараға Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Б. Момбаев, Сарыөзек стансасындағы темір жол ұжымдарының басшылары, Сарыөзек ауылының тұрғындары қатысты.
Тұсаукесер рәсімі кезінде лентаны аудан әкімінің орынбасары Болысбай Момбаев пен Сарыөзек стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Кенжеғали Берікболов кесіп, ауылдың ақ жаулықты аналары шашу шашып, қуаныштарын білдірді.
«Сарыөзек – тарихи өлке. Атақты Түрксіб темір жол торабына қызмет көрсету үшін салынған Сарыөзек стансасының да тарихы сонау 1930 жылдан басталады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», – деген болатын. Елбасының экономикалық жаңғыру бағытындағы мақсаттарын жүзеге асыруда экономиканың күретамыры болып табылатын темір жолдардың да атқаратын міндеті зор. Сарыөзек стансасында ашылған темір жол вокзалы да осындай маңызды нысандардың бірі», – деді Сарыөзек стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Кенжеғали Берікболов.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған