Жасөспірім тәрбиесі – жалпыға міндет

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүйесінде Орал қаласы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқыту семинары өтті.
Іс-шара оқушылардың қазіргі заманғы өмір шындығына дұрыс түсіністік қалыптастыру, оның орны мен рөлін арттыру, өз күштері мен білімдерін жетілдіру және өмір қауіпсіздігі негіздерінің амалдары мен әдістерін үйретуге бағытталған.
Семинар барысында ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М. Хайрекенов хабарлама және ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету туралы, «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмысы жөнінде баяндады. Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға лейтенанты Р. Тұманғалиев азаматтық қорғаудың аймақтық қызметтерінің міндеттері, төтенше жағдайларды жоюдың қазіргі заманғы құралдарының түрлері, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері туралы Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері туралы айтты.
Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы-психолог, азаматтық қорғау капитаны А. Махимова семинарға қатысушыларға мектеп жасындағы балалардың психологиялық дағдарыстық кезеңін жеңуге арналған ұсыныстар туралы мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің фельдшері З. Құрманғазиева төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін көрсетті.

Р. ТҰМАНҒАЛИЕВ, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*