Темір жолдағы темірдей тәртіп

Астана стансасындағы ІІЖБ қызмет көрсету аумағында «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясы өтті.
Шараның мақсаты – темір жол көліктері нысандарында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке, әкімшілік құқық бұзушылықтардың орын алуына мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Акция барысында Астана стансасындағы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері темір жол вокзалында Ақмола көлік прокуратурасының прокуроры Ғ. Баймұхамедовтың, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілі Е. Сабырбергеновтің, «Құқық» және «Қорғау-Астана» үкіметтік емес қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен халықпен кездесу өткізді.
Кездесуде темір жол вокзалы жаңа ғимаратының бірінші қабатында профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, пойыздардың келу уақытында қолданыстағы әкімшілік заңнамаларды түсіндіру, соның ішінде алаяқтық пен өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алуға байланысты брошюралар таратылды.
Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік акциясын өткізу барысында ішкі істер органдарына 78 азамат жеткізіліп, олардың 39-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін – 1, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүргені үшін – 5, белгіленбеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін – 1, вагондар терезелері мен есігінен қоқыстар мен өзге де заттарды тастағаны үшін – 1, темір жолды белгіленбеген орындардан кесіп өткені үшін – 28 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

А. ҚИЛЫБАЕВ, Астана қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*