Басқы бет / «Полиция KZ» журналы / «Арлан» жасағындағы алғашқы әйел

«Арлан» жасағындағы алғашқы әйел

Әйел жайлы айтылатын әңгіме де, қозғалатын тақырып та көп. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» нәзік жандарға қанша мақтау, қанша мадақ айтсақ та, қандай құрмет көрсетсек те артық етпес. Оның ішінде ел тыныштығы жолындағы әйелдердің орны айрықша. Сондай жандардың бірі – арнайы жасақ пен ішкі істер органдарында қызмет атқарған, еліміздегі «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағындағы тұңғыш әйел, көпбалалы ана, асыл жар, полиция майоры Галима Өмірсерікқызы Мейірманова. Еліміз тәуелсіздік алған жылда- ры Қазақстанда үш арнайы бөлімше құрылған болатын. Олар – республи- каның ішкі істер органдарына қарасты арнайы мақсаттағы «Сұңқар» тобы, Ішкі әскерлер комитетінің «Бүркіт» арнайы бөлімшесі және Аумақтық ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесі. Оның ішінде «Арлан» ар- найы бөлімшесінде қызмет атқарған тұңғыш әйел – Галима Өмірсерікқызы. Ол 1973 жылы 1 қазанда Тараз қала- сында дүниеге келген. 1981 жылдан бастап сондағы №40 орта мектептен білім алып, 1989-1992 жылдары Шым- кент денешынықтыру техникумының «Денешынықтыру» мамандығында оқыған. Одан кейін 1992 жылы Тараз- дағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне дзюдодан жаттықтырушы бо- лып жұмысқа орналасады. 1993 жылы Ішкі істер бөлімшесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Ал 1994 жылы әріп- тесі Нұрғалым Мейірмановқа тұрмысқа шығып, 1995 жылы тұңғыштары дү- ниеге келген. Содан, 1999 жылы Тараз қаласынан Астанаға қоныс аударып, 2000 жылы Ақмола облыстық түзету мекемесінің шаруашылық бөліміне инспектор болып орналасады. – Арнайы жасаққа орналасуым – ұзақ әңгіме. Ол бір күтпеген жағдайда болды. 2001 жылы теледидардан «арнайы жасаққа қыз балаларды қа- былдаймыз» деген хабарландыруды көрдім. Ойлана келе, сол хабарланды- ру арқылы жұмысқа орналасуға бел будым. Өзімді осы салаға іштей жақын сезінетінмін. Менің спортқа бейімділі- гімді, барлық өзге де қасиеттерім мен ұстамдылығым, күш-қуатымның жет- кілікті, психологиялық орнықтылығым- ды қатаң да қайсар мінезімді ескере отырып, жасақтың құрамына алды. Қуанышымда шек болмады. Содан 47 ер адамның ішінде жалғыз қыз бо- лып қызмет еттім. Ешкім мені қыз екен деп бөліп қарамады. Барлығымызға берілетін тәртіп пен талап бір болатын. Алғашқы берілген тапсырма әлі күнге есімнен кетпейді. Маған Көші-қон по- лициясы басшысының орынбасары Нүрия Нигматуллинаны қорғау тапсыр- масы берілді. Қатаң мінезді, өз қызметін тыңғылықты орындайтын кісімен үнемі бірге жүріп, күзетіп, кейін жақын құрбы- дай сырласып кеттік. Осы саланы таңдауыма әкемнің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Себебі, әкем Өмірсерік Бозтайұлы Тараз қаласында учаскелік бөлімде полицей болып қызмет атқарған. Сол кісінің ізін жалғастырғандаймын. Одан бөлек, маған қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздарым Бауыржан Төлеубаев пен полковник Даулет Темір- ханның да орны ерекше. «Арланға» менен кейін Динара және Әлия есімді қыздар келді. Біре- уінің отбасын құрғанын, біреуінің жұмыстан кетіп қалғанын естідім. Кейінірек 2013 жылы арнайы жасаққа әйелдерді алмау туралы бұйрық кел- ді. Содан кейін зейнетке шықтым. «Бақытыңды балаңнан тап!» дегендей, бүгінде балаларымның тәрбиесімен отырмын. Олар ғылым мен техни- каға, өнерге жақын. Менің жолымды жалғастырмады, – дейді Галима Өмір- серікқызы. Қазір ол – 5 баланың анасы. Өмірлік серігі Нұрғали Мұсаұлы – жеке кәсіп- кер. Тұңғыштары Тәуекел Мұсан – ән десе ішкен асын жерге қоятын өнерлі жасөспірім, Қазақ ұлттық өнер уни- верситетінің студенті. «Әнші балапан», «Балбөбек» фестивальдарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұстазы Марат Омаровтың жетекшілігімен «Музыкалық турне», «Марат жұлдыз- дары» бағдарламасымен Италия, Фран- ция, Германия, Түркия, Ватикан қала- ларында болып қайтқан. 2008 жылы Американың Лос-Анжелес, Нью-Йорк қалаларында болып, дүниежүзілік музыкалық студияларда ән салған. Ал қызы – Балжан Мұсанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университеті филология факультетінің студенті. Ол да анасы секілді спортқа жақын. Жүзумен айналысады. Одан кейінгі балалары Еркежан, Жанмұрат, Айсұлтан – мектеп оқушылары. Айта кетсек, арнайы жасақта жұ- мыс істеген өз ісінің шебері Галима Өмірсерікқызы ІІМ-нің 10 және 15 жыл толуына арналған медальдармен ма- рапатталған.

Ақжан ИБРАГИМОВА, сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Сондай-ақ, оқыңыз

Үміті ақталған «Үздік полиция»

Қарағанды облысының орталығынан шалғай орналасса да, Сәтбаев қаласы «ешкімнен нан сұрамайды». Бұндағы қазақы қоңыр тірлік …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған