Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сәулетті ғимарат сапалы қызметке дайын

Сәулетті ғимарат сапалы қызметке дайын

Жуырда күрделі жөндеуден өткен Шу стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Өткен жылы тілсіз жау жалмаған бөлім ғимаратына бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманға сай құрылғылармен жабдықталып, құқық қорғау қызметкерлеріне пайдалануға берілді.
Ғимараттың салтанатты ашылуына Көліктегі Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Даниярбек Мұсаев арнайы келіп, мекеме ұжымының қуанышымен ортақтасты.
– Өздеріңіз көріп тұрғандай, ғимараттың сырты да, іші де заман талабына сай жаңартылып, қажетті құрылғылармен толығымен жабдықталып, сапалы қызмет көрсетуге дайын тұр, – деп атап өткен Даниярбек Үмітайұлы жаңа ғимаратқа жаңа көлік берілгендігін жеткізіп, мекеме ұжымын жағымды жаңалықпен қуантты.
Осыдан кейін құттықтау сөзін алған осы салада 1921 жылдан 1970 жылға дейін абыройлы қызмет атқарған 94 жастағы ардагер Тәшкенбай Өтешов өзінің еңбек жолын, саланың қиындығы мен қызығын әңгіме өзегіне айналдырып, желілік полиция бөлімінің қызметкерлерін қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов аудан басшысының және өзінің атынан құттықтай отырып, бүгінгі күні аудан бойынша қылмыстың орын алу деңгейі 49 пайызға төмендегендігін, ал ашылу фактісі 60 пайызға жоғарылағандығын ерекше атап өтіп, сала қызметкерлерінің еселі еңбектері елене беруіне тілек білдірді.
Көпшіліктің қошеметімен Д. Мұсаев пен Т. Өтешов игі дәстүрге сай қайта қалыпқа келтірілген ғимараттың салтанатты түрде ашылу лентасын қиып, жиынға қатысушылармен бірге мекеме ішін аралап шықты.

Б. АСЫЛБЕКОВ, Жамбыл облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Отанына адал оғлан

20 қарашада Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған