Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Шекаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Шекаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Петропавл стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің және Ресей Федерациясы Омбы желілік ішкі істер басқармасы басшыларының қатысуымен «Шекаралас ынтымақтастық» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.
Шараның мақсаты – темір жол және әуе көлігі нысандарындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жедел іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың бірлескен кешенді жоспарларын әзірлеу, қызмет атқаратын көлік нысандарында жедел жағдайдың жай-күйі туралы ұдайы түрде ақпарат алмасу, шекаралас аумақтарда заңсыз есірткі айналымының алдын алу, сонымен бірге, заңсыз көші-қонды болдырмау.
Кездесуге РФ ІІМ Омбы ЖІІБ бастығы, полиция полковнигі А. Кайзер, Омбы ЖІІБ бастығының орынбасары, ішкі қызмет полковнигі В. Артемьев, Омбы ЖІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А. Шпаков және Петропавл стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция полковнигі С. Турекенов пен оның орынбасарлары, қызмет басшылары қатысты.
Шара барысында Көліктегі ішкі істер органдарымен шекаралық әріптестікті одан әрі нығайту аясында үш мәселе, атап айтқанда, темір жолдағы жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлауға қатысты қылмыстарды ашу және оның жолын кесу, есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу, терроризмнің алдын алу үшін біріккен шараларды жүргізу, сонымен бірге заңсыз көші-қонды болдырмау мәселелері кеңінен талқыланды.
Омбы ЖІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А. Шпаков өз ведомствосының қызметімен таныстыра келе: «Соңғы кезде Ресей және Қазақстан көлік полицейлерінің қылмыстарды анықтау мен ашу, халықаралық қылмыспен күресу бойынша жұмысы жанданып келеді», – деп атап өтті. Сонымен бірге, болашақта әрі қарай бірігіп қызмет атқаруға шақырды.
Екі ел қызметкерлері арасында кәсіби байланыстарды кеңейту, қылмыспен күресте өзара бірлесе іс-қимыл жасау бойынша ұзақ мерзімді бірлескен іс-шаралар атқару үшін хаттамаға қол қойылды.
Кездесу соңында Петропавл стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция полковнигі Серік Турекенов омбылық әріптестеріне алғыс білдіріп, Қазақстан мен Ресейдің көліктегі құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынас келешекте жоғары деңгейінде жалғасын табатынына сенім білдірді.

Петропавл стансасындағы ІІЖБ

Сондай-ақ, оқыңыз

Отанына адал оғлан

20 қарашада Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған