Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Жедел қызметтердің дайындығы бекем

Жедел қызметтердің дайындығы бекем

Қызылорда облысында өтіп жатқан «Қыс-2017» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы аясында Қызылорда қаласындағы автокөлік базары аумағында облыстық жедел әрекет ету қызметтерінің саптық байқауы өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жедел әрекет ету қызметтерінің дайындығымен танысты.
Оқу-жаттығу – бұл апаттық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының жұмысын тексеретін емтихан іспеттес. Ондағы мақсат – қыс уақытында төтенше жағдай туындаған сәттегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-әрекетке дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығуға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері – «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ облыстық филиалы, Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасы, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Қазсушар» кәсіпорнының Қызылорда филиалы, Ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімі, «Қазавтожол» АҚ Қызылорда филиалы және басқа да облыстағы апаттық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдары қатысты.
Төтенше жағдай кезіндегі құлақтандыру, ақпарат алмасу және апаттық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету тәртібі нақтыланды.
– Бүгінгі шараның мақсаты – қыс мезгілінде қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардабын жоюға қатысатын күштер мен құралдардың әзірлігін және өзара іс-қимылдарын пысықтау. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндетіміз, – деді облыс әкімі Қ. Көшербаев.
Саптық байқауға 23 құрылым, 306 адам, 94 техника қатысып, өздерінің дайындықтарын көрсетті.
Облыс әкімі құрылымдардың жеке құрамының дайындығына, олардың құрал-жадбықтармен қамтамасыз етілуіне баса назар аударып, үнемі дайындықта ұстау қажеттігін ескертті.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Отанына адал оғлан

20 қарашада Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған