Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Пышақпен жасалған шабуыл

Пышақпен жасалған шабуыл

Ұлттық ұланның елордалық құрама сарбаздары көше бойында суық қарумен әскери жасаққа қарсы ұмтылған бұзақыны құрықтап, сабасына түсірді.
Жирентаев көшесінің бойында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылап жүрген жедел құраманың әскери жасағына шабуыл жасалды. Дәлірек айтсақ, ұландықтарға қарсы келе жатқан жас шамасы қырықтарға жуықтаған белгісіз азамат бірден күдік туғызды. Оның шапшаң жүргені, қолын шалбарының артқы қалтасына салып алуы сарбаздарға сезікті боп көрінді.
Көше тәртібін күзету барысында заңбұзушының пихологиясын әбден зерттеп-танып алған сарбаздарды ішкі түйсігі алдамапты. Жақындай бергенде әлгі азамат жалаңдатып пышағын алып шықты да, әскерилерге қарай бас салды. Алайда, қорғаудың да, қорғаныстың да түрлі әдіс-айласын меңгерген жасақ шапшаң әрекет ете білді. Жасақ жауынгері қатардағы Гасанбек Бабаханов бұзақының қолын жылдам қағып жіберіп, пышағын ұшып түсірді де, аяғымен баса қойды. Жасақ бастығы, қатардағы Бекарыс Демесенов пен екінші патруль, қатардағы Құрманғазы Кесікбай осы сәтте қолын артқа қайырып, күдіктіні тырп еткізбеді.
Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісі, аға лейтенант Жеңіс Құрамысовқа баяндап, күдіктіні Алматы аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жасөспірім және құқықтық қауіпсіздік

Бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көз үйренген көрініске айналды. Бесіктен белі шықпай жатып бұзақылыққа бір табан …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған