Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Қырағы сержанттар сыйақы алды

Қырағы сержанттар сыйақы алды

Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы ұрылардың адымын аштырмаған қырағы сақшыларды марапаттады.
Жуырда Орал қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының ПА-516 экипаж құрамында қызметке түскен полиция аға сержанттары Абзал Калиев пен Берік Сиязбаев Циолковский көшесінде орналасқан «Кублей» ЖШС ғимаратының жанындағы қуыстан шығып келе жатқан «ВАЗ-2110» маркалы автокөлігі күдік тудырғандықтан, оны тоқтатады. Тексеру барысында аталған автокөлікте еуропалық нәсілді үш ер адам болған.
Олардың автокөліктерін тексеру барысында салоннан 2 автокөлік аккумуляторы, ал жүксалғышын тексеру кезінде тағы 7 автокөлік аккумуляторы, 1 антирадар, кілт құралдары салынған 2 чемодан, 1 сабвуфер және 1 темір арқан табылған. Ұрылар бір түннің ішінде он шақты автокөлік иесін сан соқтырып, көліктерден аккумуляторлары мен өзге де бағалы бөлшектерін ағытып алып, түрлі-түсті металдарды қабылдайтын пункттерге апарып өткізбекші болған.
Тексеру кезінде бұл азаматтардың өзге де қылмыстық оқиғаларға қатыстылығы анықталды.
Осыған байланысты БҚО ІІД басшылығы қылмысты ашуда жоғары біліктілік пен қырағылық танытып, заң талаптарының бұзылуына жол бермей, өздерінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін полиция аға сержанттары Абзал Калиев пен Берік Сиязбаевқа алғыс хат және 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынды. Олар өз атынан Отан үшін аянбай қызмет етуге ант етті.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Отанына адал оғлан

20 қарашада Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған