Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Жастарға үлкен сеніммен

Жастарға үлкен сеніммен

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық жастар ұйымдары қауымдастығы мен Орал қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды тобы бірлесіп «Жастарға үлкен сеніммен» атты көпшілік шара өткізді.
Мектеп инспекторлары, полиция капитаны Тимур Мамбешов пен полиция аға лейтенанты Аслан Атамбаев қала орталығындағы «Школьник» дүкені, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университетінің аумағында болып, жасөспірімдер мен жастар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. Көшеде кездескен жасөспірімдерге құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, жол ережелерін сақтау, түнгі сағат 22.00-ден соң заңды өкілсіз көшеде жүрмеу туралы заң аясында түсініктер берді. Жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқық қорғау заңдарына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
Бұл көпшілік шараның басты мақсаты мен міндеттері – балалар мен жасөспірімдер арасында зиянды заттарды пайдаланудың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жүргізу, кәсіби бағдар алу.
Қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды тобының берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, 2017 жылдың 10 айында 3172 құқық бұзушылық тіркелген. Балаларының тәрбиесіне атүсті қарап, қараусыз қалдырған 58 ата-ананың үстінен хаттама толтырылған. Мектеп инспекторлары түн мезгілінде рейд жүргізгенде заңды өкілсіз жүрген 620 жасөспірімді ұстады. Ұсақ құқық бұзуға жол берген 15 жасөспірім анықталды. Қоғамдық көпшілік орындарда мас күйде жүрген 5 жасөспірім ұсталып, олардың ата-аналары басқармаға шақыртылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Еліміздің өрлеуіне үлес қосатын жастардың тағдырына ешкім де бейжай қарамайды. Қазіргі жасөспірімдер – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азаматтар. Олардың тәрбиесіне ата-анасы, білім беретін ұясы, баршамыз жауаптымыз. Болашақта Орал қалалық ІІБ, Абай мен Шаған полиция бөлімдерінің мектеп инспекторлары қалалық білім беру бөлімімен, прокуратурамен, жастар ұйымдарымен бірлесіп көңілді іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ынтымақтаса бірлесіп атқаратын шаралар қатары көп», – дейді полиция майоры Мәдина Құспанова.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жасөспірім тәрбиесі – жалпыға міндет

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүйесінде Орал қаласы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған