Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Ұландық сарбаздар көмекке келді

Ұландық сарбаздар көмекке келді

Қараша айынан бастап Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы үш іргелі елді мекенде Ұлттық ұланның жауынгерлері тұрақты түрде патрульдеу шараларын жүргізетін болады.
Атап айтқанда, аудан орталығы Есік қаласы, Қаракемер кенті және Түрген ауылында осы өңірде орналасқан Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етпек.
– Еңбекшіқазақ – Алматы облысындағы ең ірі аудан. Халық саны 350 мың адамнан асады. Мысалы, тек Есік қаласының өзінде 50 мың адам тұрады. Жыл басынан бері ауданда 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Олардың көбі қоғамдық орындар мен көшелерде болған. Осындай жағдайдан соң аудандық жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті қадағалауға жәрдемдесуді сұрап, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығына хат жазды. Мәселе сараланып, ол тиімді шешілді. Осылайша, №66/54 әскери бөлімінің жауынгерлері енді патрульдеу жұмысына атсалысатын болды. Қылмыстың алдын алу мен оның ізін суытпай ашу өте маңызды шара. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полиция қызметіне зор көмек, – дейді Алматы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев.
Қала тұрғындары да бұл жаңалықты қуана қолдады. Мәселен, Есік қаласының тұрғыны Сүйімхан Нұрбаева: «Өте маңызды бастама. Бала-шағамыз үшін маңызды. Өсіп келе жатқан жасөспірімдеріміздің қауіпсіздігі үшін керек нәрсе. Тыныштық әрқашан болғаны жақсы. Бізге қылмыстың болмағаны керек, – деп атап өтті.
Ел айбыны – Ұлттық ұландық әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті қадағалауға тартылуы жайлы 6654 әскери бөлімнің командирі, полковник Бағдәулет Оспанбеков өз ойын білдіре келе:
– Қадағаланатын елді мекендерде 150 адамнан жоғары жауынгер қызмет атқаратын болады. Кешкі сағат 16:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін біздің жауынгерлер Еңбекшіқазақ ауданында қызмет атқарады. Сарбаздарымыз аталған елді мекендерде 50 бағыт бойынша жаяу патрульдеу жүргізетін болады, – деп атап өтті
Қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жауынгерлік қызметтеріне кірісті. Мақсат – қоғам қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, ел тыныштығын қырағы қорғау.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Дін саясатының бағыты айқын

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған