Басқы бет / «Сақшы» газеті / Ардагерлер / Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жеке құрамы полиция генерал-майоры Асқар Оспановпен кездесті.
Іс-шараға облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменов, ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбеков, ІІО құрметті ардагерлері, полиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов пен әділет генерал-майоры Молдияр Оразалиев, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, облыстық ТЖД, ҚАЖД өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, т.б. қатысты.
Салтанатты басқосуды Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменов ашып, өз сөзінде А. Оспановқа шапан жауып, құрметті демалысқа шығуымен құттықтады.
Полиция генерал-майоры Асқар Шуашұлы ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Әр жылдары Алматы облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2011-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментін басқарды.
Асқар Оспанов 2013 жылы мамыр айының 6 күні Президент Н.Ә. Назарбаевтың өз қолынан полиция генерал-майоры атағын алды. Соңғы жылдары ІІМ Арнайы даярлық департаментінің бастығы лауазымында еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалысқа шығып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-де қалтқысыз қызмет атқарған полиция генерал-майоры А. Оспанов облыстың құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты, кейінгі буынға үлгі болды. Қылмыстық ахуалдың тұрақтануына ықпал етті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар көптеп ашылып, материалды-техникалық базаның қалыптасуына зор еңбегі сіңді.
Облыстық ІІД басшылығының бастамасымен соңғы бес жыл ішінде 200 учаскелік тірек пункті ашылып, департамент базасы 345 автокөлікпен толықты. Жедел-криминалистикалық басқарма, Кинологиялық қызмет және облыстық ІІД аудандық құрылымдары қазіргі заманға сай компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Кентау қалалық ІІБ және Шымкент қаласы, Қаратау ПБ-нің жаңа ғимараттары ашылды.
Асқар Оспанов ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені секілді көптеген медаль-ордендермен марапатталған.
Кездесу соңы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ғимаратының алдындағы қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жасөспірім тәрбиесі – жалпыға міндет

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүйесінде Орал қаласы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған