Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Қауіпсіздік қаперден шықпасын

Қауіпсіздік қаперден шықпасын

Күз маусымының келуімен азаматтық қорғаныс органдары қызметі үшін тұрғын үй секторларындағы өрттер – ең өзекті мәселеге айналады. Өйткені, өрт сөндірушілердің ең басты міндеті – төтенше жағдайлар кезінде адам өмірі мен жеке меншігін сақтау.
Осыған орай, Атырау облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар саласындағы қызметкерлер тұрғын үй секторларын аралап, халыққа өрттен сақтану жолдарын түсіндіріп, қажетті жадынамалар таратуда.
Атырау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Аслан Камалов төтенше жағдайлардың негізгі туындау себептері, басқарма қызметкерлерінің өрттің алдын алу мен ескерту бойынша жасап жатқан жұмыстары жөнінде айта келе тілсіз жаудың тұтануына себеп болатын қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайларына тоқталды.
«Өрт ережелеріне салғырт қарау, электр желілеріне шамадан тыс күш түсіру, тұрғын үйлердегі ескірген электр сымдары сияқты себептерге ерекше назар аудару керек», – дейді ол.
15 қазан мен 15 сәуір аралығында жылыту маусымының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі айлығы тұрғын үй секторларынан бөлек, әртүрлі акциялар мектептерде де үгіт-насихат жұмыстары түрінде жүргізілуде. «Біз қабылдаған шаралардан айтарлықтай тиімділікті, бірінші кезекте – өрттер саны мен ондағы адамдар қазасының азаюын күтеміз. Бірақ, оның басым бөлігі халықтың өздеріне байланысты болмақ – олардың қауіп пен өрт қауіпсіздігі қағидаларын қаншалықты сақтау қажеттігін сезінуіне байланысты», – деді Аслан Камалов.

С. БАЙДӘУЛЕТОВА, Атырау облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Қос мереке қарсаңындағы құрмет

Кеше Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери және …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған