Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Ұлттық қауіпсіздік – ұдайы назарда

Ұлттық қауіпсіздік – ұдайы назарда

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді.
– Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ЭКСПО-2017 көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
– Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, оқыңыз

Дін саясатының бағыты айқын

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған