Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Құтқарушылар күні – ерліктің мерекесі

Құтқарушылар күні – ерліктің мерекесі

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержановтың салтанатты сөзінен кейін, жеке құрамды ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Ботабаев кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін құтқарушылардың кәсіби мерекесі – ерлік, ар-намыс және батылдық мерекесі екенін атап өтті.
Мерекелік іс-шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Батырларды еске алу үшін өртке қарсы қызметтің ардагерлері, қаза тапқан өрт сөндірушілерінің туыстары мен достары келді.
Құрмет белгісі ретінде ескерткіш түбіне Қызылорда облысы ТЖД бөлімшелерінің басшылары гүл шоқтарын қойды. Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің естеліктері бір минут үнсіздікпен құрметке ие болды.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес 15 жауынгер салтанатты түрде ант қабылдап, халыққа мен Отанға адал қызмет етуге серт берді. Мерекелік шараны азаматтық қорғау қызметкерлері салтанатты маршпен аяқтады.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
апаттық-құтқару жұмыстары қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Дін саясатының бағыты айқын

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған