Адам шығыны азайды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті биылғы 9 айдағы аумақтық ведомствоның жұмысын қорытындылау бойынша жедел мәжіліс өткізді.
Облыстық ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың төрағалығымен өткен іс-шараға басқарма, бөлім, аудандық бөлімшелер бастықтары қатысты.
Жедел-қызметтік әрекет жөніндегі баяндамамен Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев сөз сөйледі. Облыс аумағында тоғыз айдың ішінде 75 төтенше жағдай тіркелді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28%-ға төмен. ТЖ нәтижесінде 50 адам қаза болып, 81 адам зардап шекті. Өткен жылмен салыстырсақ, ТЖ қаза болғандардар саны 19%-ға, ал зардап шеккендер 11%-ға төмендеген.
504 өрт тіркеліп, олардың саны 6%-ға артқаны байқалды. Өрттердің жалпы санынан 80%-ы тұрғын үйлердегі өрттер. Тілсіз жаудан келген материалдық залал 66 млн теңгені құрайды. 16 адам от құрбаны болса, 16 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
Сонымен қатар, полковник Н. Атығаев су қоймаларындағы қайғылы жағдайлар статистикасын келтірді. Суға шомылу мауысымының басынан бері 20 адам суға батып кеткен. Және де адамдар шомылуға белгіленбеген жерлерде қаза болған.
Ведомствоаралық әрекеттесу төңірегінде, облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі ТЖК-ның 80 отырысы өтіп, бұл облыс қызметтерінің жұмысын табиғи және техногендік сипаттағы маусымдық ТЖ ескерту және жою мақсатында үйлестіруге мүмкіндік берді.
Ауылдық жерлерде өрттерді ескерту және жою үшін 17 өрт сөндіру бекеті, 587 ерікті өрт сөндіру құралымы жұмыс істеуде, олар есептік кезеңде 128 өртті сөндіруге қатысты, оның ішінде тілсіз жаудың 17%-ы еріктілер күшімен жойылған.
Мәжілісте басқарма және бөлім бастықтары сөз сөйлеп, жұмыс қорытындылары, ТЖ қызметтерінің қыс маусымына және 2018 жылдың көктемгі су тасқынына әзірлігі жөнінде баяндады.
Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Р. Камалов ТЖ алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты одан әрі ұйымдастыру мақсатында, жеке құрамға бірқатар тапсырмалар берді, елді мекендердің, әсіресе жылыту маусымы кезінде ТЖ-дан тиісті қорғалуын қамтамасыз етуге ерекше назарын аударды.

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Отанына адал оғлан

20 қарашада Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған