Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Өзгенің өмірі үшін…

Өзгенің өмірі үшін…

Төтенше жағдайға тап болған азаматтарға тәуліктің 24 сағаты ішінде көмекке келуге дайын тұратын Павлодар облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының күнделікті еңбегіне осылай мінездеме беруге болады.
Өткен жылдардың тарихы азаматтық қорғау қызметкерлерінің ерлік пен батырлығы жайында мысалдарға толы. Адамдарды құтқару қызметі – мемлекеттік жүйенің ең құндысы. Біз кәсіби мереке қарсаңында солардың бірнешеуі туралы айтамыз.
Евгений Миронов – Павлодар қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғаудың аға сержанты. 14 жылғы қызметінде ірі және қиын өрттерді сөндіруге қатысқан, ал қиын жағдайларда жедел және бастамашылдығын көрсетіп, сауатты іс-әрекеттер қабылдаған. Е. Мироновтың жеке ерлігі және кезекші қарауылдың үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ірі өрттен үш тұрғын құтқарылып, 41 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10-ы бала. Қысқа мерзім ішінде өрт ауыздықталған және тез арада толығымен жойылған. Тұрғын үйде адамдарды құтқару барысында және өртті сөндіру кезіндегі батылдығы мен жеделдігі үшін Евгений Миронов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Тәуірбек Қапанов – азаматтық қорғау прапорщигі, өрт сөндіру автокөлігінің аға жүргізушісі. Павлодар гарнизонының өрт сөндіру автокөлігінің ең тәжірибелі жүргізушілерінің бірі. Ақсу қаласының №11 Өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет етеді. Жас қызметкерлердің тәлімгері болып табылады. Ол 18 жыл мінсіз қызмет етіп келеді. Бөлімшенің шығу ауданын, өрт техникасы мен өрт техникалық қару-жарақтарын жақсы біледі.
2013 жылғы желтоқсанда мемлекет басшылары мен ЕҚЫҰ қатысушылары елбасшыларының Саммиті кезінде өрт қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз ету үшін Павлодар облысынан өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметінің күштері мен құралдары тобының құрамында Т. Қапанов «Rixos» қонақ үйін өрттен қорғауды қамтамасыз етті.
Тәуірбек Қабдұлұлы қызметтік борышын орындау кезіндегі кәсібилігі мен ерлігі үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Бауыржан Төретаев – азаматтық қорғау старшинасы, Екібастұз қаласының арнайы газ түтінінен қорғау бөлімшесінің аға шебері.
Құқық қорғау органдарында 2003 жылғы қарашадан бастап қызмет етеді. Қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсете білді. Бөлім басшысы Д. Қыдырмоллаев Б. Төретаевқа: «Өрт кезінде батылдғы мен табандылығын көрсете біледі. Экстремалды жағдайларда өзін-өзі ұстай біледі, шыдамдылық және төзімділігін сақтайды», – деп мінездеме береді.
Өрт кезінде жауынгерлік учаскелерде сауатты әрекеттер жасайды, өртті тез ауыздықтау және ең аз материалдық залалмен өртті жою кезінде нақты жағдайды бағалай біледі және шешуші бағытты дұрыс таңдайды.
2011 жылғы мамыр айында 5 қабатты үйде үш бөлмелі пәтер өртенгенде де солай болды. Сөндіру кезінде пәтердің есігі жабық болды және ешкім есікті ашпағандықтан өрт сөндіру қиынға соқты. Өртке қарсы қызмет сержанты Б. Төретаевтың басшылығымен газ түтіннен қорғау қызметі кезекші қарауыл звеносы үш иінді сатымен үшінші қабаттағы терезеден түскен кезде иісті газбен уланған белгімен пәтердің иесі және оның құрбысы табылып, құтқарылады. Бірнеше минуттардан кейін ол кезекші қарауыл құрамында өртті сөндіруге жіберіледі.
Өрт сөндіру кезінде кезекші қарауылдың үйлесімді іс-әрекеттері мен Б. Төретаевтың жеке ерлігі арқасында адам шығыны болмады. Бұл өрт кезінде адамдарды құтқарудағы көптеген сәттердің бірі. Осы ерлігі үшін Бауыржан Көкішұлы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

А. ЖАҚЫПОВА, Павлодар облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бүгінгі күннің батырлары

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелер өз ісіне берілген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еңбек …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған