Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Бүгінгі күннің батырлары

Бүгінгі күннің батырлары

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелер өз ісіне берілген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еңбек етеді. Құтқарушылар күні мерекесіне орай жақсының жақсылығын асырып, елге танытып жатсақ, артықтығы жоқ.
Арман Қошмұханов – Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Арман Халелұлы азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап қызмет өткеріп келеді. 10 жыл қызмет еткенде сөндірілген өрттер, шұғыл шығулар, құтқарылған өмірлер көп болды. Мәселен, 2010 жылдың 10 мамырында пультке Павлодар қаласы тұрғын үйлерінің бірінде өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Өртті жою кезінде пәтерде улы газбен уланған 1 топ мүгедегі, пәтер иесі табылып құтқарылды.
Өрт сөндіру кезіндегі кезекші ауысымның үйлесімді жұмысының арқасында және А.Х. Қошмұхановтың жеке ерлігінің арқасында 10 адам эвакуацияланып, бір адамның өмірі сақталды.
Арман Мұхамедин – №34 Өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі. Қызмет өтілі 17 жылды құрайды. А. Табылдыұлы – қызметке келген күнінен бастап өзінің мақсатты орындаушы қызметкер екендігін көрсетті. Оның жасаған еңбегін көрген басшылық бір жылдан кейін оны бөлімше командирінің лауазымына тағайындады, ол осы уақытқа дейін осы лауазымда қызмет өткеруде. Жас қызметкерлердің тәлімгері болып табылады.
Шығатын аудандардың барлық ерекше маңызды объектілерін біледі, дабыл бойынша бөлімшемен бірге шығып, өрт сөндіру, апаттар және олардың салдарын жою кезінде қарамағындағыларының жұмысын басқарады.
2014 жылдың 22 қаңтарында №34 өрт сөндіру бөлімі байланысының пультіне облыс орталығындағы тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Үйді барлау барысында жалпы алаңы 40 шаршы метрде, жабындының жартылай қирауымен, үй заттары мен жиһаздың өртенуі анықталды. Көршілерден пәтер иесі үйде болуы мүмкін екендігін біліп, өртті сөндіру басшысы бөлім командиріне тағы да пәтерді аралап шығуды бұйырды. А. Мұхамедин дереу арада өртеніп жатқан үйге кіріп, тұрғын үй-жайларының бірінде ес-түссіз күйде жатқан ер адамды көрді. Ол бұл ер адамды түтіндеген аймақтан алып шығып, зардап шеккенге қажетті алғашқы көмек көрсетті және шұғыл медициналық көмек бригадасына тапсырды.
Ерқанат Сұлтанов – Екібастұз қаласы №14 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Қызмет өтілі – 16 жыл.
Шұғыл жағдайларда өз-өзін ұстау және төзімділікті сақтайды. Оған 2014 жылдың мамыр айында өрт кезінде адамды құтқару жағдайы үлгі болып табылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйде ашық өртті сөндіру барысында Е. Сұлтанов ойланбастан өртеніп жатқан пәтерге кіріп кетіп, бірінші ес-түссіз жатқан ер адамды көрді. Ол ойланбастан өздерінің әріптестерімен түтіндеген аймақтан ер адамды алып шығып, алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл медициналық бригадасына тапсырды.
Құрамында №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Е. Сұлтанов болған кезекші қарауылдың нақты және табанды іс-әрекеттерінің нәтижесінде адамның өмірін құтқару кезінде кәсібилік танылып, оттың әрі қарай тарауына жол берілмеді.
Өртте адамдардың өмірін құтқарғандары және ерліктері үшін барлық үш өрт сөндіруші «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгілерімен марапатталды.

Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бүгінгі күннің батырлары

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелер өз ісіне берілген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еңбек …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған