Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Көпке үлгі кемел тұлға

Көпке үлгі кемел тұлға

Әдетте, біз бұрынғы кездердің батырларын әрқашан есте сақтаймыз, бірақ бүгінгі күні араларымызда осындай атаққа ие адамдар барын естен шығарып алып жатамыз. Бұндай атаққа олар кәсіби және адамдық борышын орындап, өз еңбегімен жетті. Әңгімеміз басқалардың қайғысына теріс айналмай, қол ұшын созатын адамдар жайлы болып отыр.
Сондай бүгінгі күннің батырларының бірі – Анатолий Логинов. Ол еңбек жолын 1976 жылы Киров атындағы зауытта бастады, аталған қызметте он жылдай қызмет етті. Бірақ, жанына жайлы жұмысты Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында құтқарушылар қатарынан тапты.
Міне, 20 жылдан астам уақыт бойы кез келген уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде қол ұшын созуға даяр құтқарушы болып қызмет етуде. Ол ондаған адамның өмірін төніп тұрған ажал аузынан арашалады.
Жеке тәжірибесінің негізінде жас ұрпаққа тәлімгер болып, өз білімімен бөлісуде. Ол өз ісінің шебері, сүңгуірлік істі жоғары дәрежеде біледі, әрқашан жаңа келген қызметкерлерге тәжірибелік көмек көрсетеді.
Анатолий Иванович қызмет мерзімінде Антон Коптяев, Сергей Черкасов сияқты жоғары дәрежелі құтқарушыларды дайындады. Жасына қарамастан Анатолий Иванович өз кәсібіне адал, барлық қыметкерлермен бір қатарда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысуда. Еңбек еткен жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар министрлігі мен ІІМ ТЖ департаментінің марапаттарын кеудесіне тақты.
Құтқарушылар күні қарсаңында Анатолий Ивановичке ел алдындағы игі жұмысының жемісін көре бер деп тілек арнаймыз!

Гүлмира САЛЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

«Күзет аруы – 2018»

Атырау облысы Мамандандырылған күзет кызметі басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында басқарманың қыздары арасында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған