Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сақшылар қызметке сақадай сай

Сақшылар қызметке сақадай сай

Жақында Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда ішкі істер органдарының астаналық гарнизонындағы күзет қызметі бөліністерінің жеке құрамын қысқы нысанды киім үлгісіне көшіруге байланысты саптық байқау өтті.
Астана гарнизоны күзет бөліністерінің, атап айтқанда, ІІМ МКҚБ, Астана гарнизоны бойынша МКҚБ, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі және Дипломатиялық полиция полкінің 500-ден аса жеке құрамы сап түзеп, қысқы нысандық киім үлгісіне көшірілді.
Стадионда өткен саптық байқауға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Байболов, Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Нұрболат Сүйіндіков қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша стадион алаңына Ішкі істер министрлігінің туы енгізіліп, саптық байқау басталмас бұрын Әнұран шырқалды. Сақшылар саптық байқауға сапқа тұрғызылып, бөлім басшылары олардың қысқы нысандық киімдерін тексерді. Олар әр полицейде жеке нөмірі бар жетондарының, төсбелгілері мен қызметтік куәліктерінің бар болуын және нысандық киімнің талаптарға сәйкестігін мұқият қарады. Содан соң, бөлім командирлері күзет бөліністерінің қатарын толықтырып жатқан жас офицерлерден ант қабылдады. Жас қызметкерлер Отанына ақ адал қызмет етуге серт етті. Ант қабылдау рәсімінен кейін ІІМ Рәсімдік взводының қызметкерлері ортаға шығып, көрнекі өнерлерін көрсетті.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Байболов Ішкі ісер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерге орта басшы құрамның алғашқы және кезекті арнаулы атақтарын тапсырып, ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтады. «Бүгін ант қабылдаған жас офицерлерді, кезекті арнаулы атақтарын алған қызметкерлерді, спартакиадада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды Әкімшілік полиция комитеті төрағасы атынан шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін», – деп түйіндеді құттықтау сөзін төраға орынбасары.
Сондай-ақ, Әкімшілік полиция комитетінің бұйрығына сәйкес 2017 жылы Астана гарнизондағы күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында спорттың бірнеше түрінен өткен спартакиаданың ұйымдастырылуына атсалысқандар мен жүлделі орындарға ие болған қызметкерлер ӘПК-нің грамотасымен марапатталды. Атап айтқанда, «Спартакиада-2017-де» «Жыл спортшысы» атағына ие болған Күзет қызметінің орталық аппарат басқармасының қызметкері Айдар Сарбасов, Астана қаласы күзет қызметі басқармасының қызметкері Айдос Жолдыбаев және т.б. марапатқа ие болды.
Саптық байқау ән шерумен қорытындыланды. Күзет бөліністері саппен адымдап, әскери ән шырқап өзара жарысты. Астана қаласы күзет қызметі басқармасының 3-полиция батальоны саптық байқауда І орынға ие болса, ІІ орынға Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің 4-полиция батальоны жайғасты. Оларға марапаттар табысталды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, Суреттер автордікі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған