Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Адалдыққа берілген ант

Адалдыққа берілген ант

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қысқы киім үлгісіне көшуге байланысты саптық байқау өткізді.
Қардың ерте түсуіне және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты басшылық бұл іс-шараны ертерек өткізу туралы шешімге келді. «Аталған іс-шара арқылы біз полицияның қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын қорғауға дайын екендігін көрсетіп отырмыз. Полиция қызметкерін қоғам ішінде көрген тұрғындар өздерінің қауіпсіздігі үшін уайымдамайды», – деді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов.
Байқау барысында полицейлердің сыртқы киім-киісі, жарғыны білуі және қысқы уақытта қызмет атқаруға әзірліктері тексерілді. Бұдан бөлек, жас қызметкерлер заң алдында адал қызмет етуге ант берді. Ал, ішкі істер органдарының ардагерлері жас буынның анттарын қабылдады. Байқауда орта басшы құрамның арнайы шендері мен погондарын алты полиция қызметкері алды.
Оларды ардагерлер, ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері мен отбасы мүшелері құттықтады.
Саптық байқау оркестрдің сүйемелдеуі арқылы өткен салтанатты маршпен аяқталды. Қысқы киім үлгісіне көшкен сақшылар бірден қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қорғауға аттанып кетті.

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Орталық аппарат қысқы киімге көшті

12 қазан күні Ішкі істер министрлігінде Ұлттық ұланның әскери оркестрінің қатысуымен орталық аппараттың жеке құрамы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған