Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Ақпараттық саладағы ынтымақтастық

Ақпараттық саладағы ынтымақтастық

Кеше еліміздегі бірқатар министрліктердің баспасөз қызметтерінің өкілдері Ішкі істер министрлігіне арнайы келді.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Балықбаев және Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева бастаған топ алдымен ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінде болып, оның бөлімдерін аралап көріп, қызметімен танысты. Департамент бастығы Алмас Садубаев оларға өз қарамағындағы әрбір қызметкерді таныстырып, әр бөлімнің атқаратып жұмыс бағытын түсіндіріп өтті.
Одан әрі баспасөз хатшылары Ішкі істер министрлігі Жедел басқару орталығының қызметінде және Баспасөз орталығында болды. Кейін «Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы келген министрліктердің баспасөз қызметі өкілдеріне ІІМ МТАД бастығы Алмас Садубаев пен Медиа орталықтың бас директоры Бимағанбет Асанов әр басылымның редакциясына бас сұғып, «Сақшы», «На страже», «Үміт сәулесі» газеттері мен «Полиция.kz», «Жазаларды орындау-Исполнение наказаний», «Пожарный и спасатель Казахстана», «Ардагер» журналдарының қай салада, қандай тақырыпта жарық көретіні жайлы әңгіме қозғады.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық саласының жүйелі қызметіне көңілдері толған қонақтар өзара әріптестік және тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты нығайту керектігін айтты.

Е. ЕРҒАЛИҰЛЫ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Орталық аппарат қысқы киімге көшті

12 қазан күні Ішкі істер министрлігінде Ұлттық ұланның әскери оркестрінің қатысуымен орталық аппараттың жеке құрамы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған