Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Курсанттың күнделігі

Курсанттың күнделігі

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанттары Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімдерінде іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибенің соңғы күні курсанттар өрт сөндірушілердің шынайы қызметі туралы өз әсерімен бөлісті.
Арман Теңел №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне түсті және күнде таңертең кезекшілікке қарауыл бастығы ретінде тұрған болатын. Бір айдың ішінде болашақ өрт сөндіруші институтта алған теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетті. Ол өзінің осы игілікті мамандығын таңдағанына өкінбейді, себебі әкесі Төребек Исмайылов те саналы ғұмырын өрт сөндіруші қызметіне арнап, соның ішінде бес жылдай мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі лауазымын атқарды.
Арман және оның курстастары практикада гидранттарды тексеруді үйренді, өрт сөндіру бөлімшесінің шығу ауданын жедел тактикалық жағдайда танысты. Өрт сөндірушілердің жетекшілігімен олар жас жауынгерлердің дағдыларын игерді, жабдықты күтіп, өрт-техникалық қару-жарақпен жұмыс істеуді үйренді.
Курсанттың айтуынша, оған психологиялық жаттығулар – от жолағынан және жылу түтін камераны өту ең қиын болған. Осы кезеңдерде көптеген курсанттар физикалық дайындықты қажет екендігін түсінген.
Арман үшін бір ай тәжірибе өте жылдам өтті. Ол Көкшетау техникалық институтына оқуға түсер алдында да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша іс-шараларға белсенді қатысқан болатын. Тәжірибеден өту барысында өз бетінше жұмыс істеуді, қызмет құжаттамасын жүргізуді және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуды үйренді.
Бұл тәжірибе мамандығын жақсы меңгеруге көмектеседі және қызметтің қыр-сырын үйретеді. Көкшетау техникалық институтының курсанттары оқудың соңында олардың жұмысының барлық ерекшелігін және қиындықтарын нақты біліп отырады және өз ғұмырларын осы салаға саналы түрде арнайды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
апаттық құтқару жұмыстары қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жұмыс тиімділігі жақсарып келеді

13 қазанда Шымкент қаласында ІІМ Көліктегі ІІД-нің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған