Басқы бет / «Сақшы» газеті / Әріптес келбеті / Түрмедегі түсіндіру жұмыстары

Түрмедегі түсіндіру жұмыстары

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Ш. Есенкелдиевтің төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі діни экстремистік идеологияның таралуына қарсы әрекет ету және теологиялық оңалту жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін ведомствоаралық кеңейтілген жұмыс отырысы өткізілді.
Шараға ІІМ ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының аға жедел уәкілі, әділет майоры Д. Абраев, ҰҚК ОҚО бойынша департаментінің басқарма бастығы, полковник Т. Мелдешов, ҰҚК ОҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы, подполковник А. Мырзабай, ОҚО Дін істері басқармасының бастығы С. Сапарбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ғ. Қуашбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары М. Ақтамберді қатысып, ҚАЖ мекемелерінде атқарылған нәтижелі жұмыстарды талқылады.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы сотталғандар арасында насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тарих ғылымдарының кандидаттарын және доценттерінің түсіндірме жұмыстары, ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде теріс діни ұстанымдағы және одан бас тартқан сотталғандардың қатысуымен «Отанды сүю – иманнан» атты тәрбиелік мәдени іс-шарасы, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының негізінде, теріс діни ұстанымнан бас тартқан сотталғандардың «Сириядағы ұйымдасқан содырлар тобының құрбаны болмайық», «Хақты таныдым деп қателесіппін», «Кеш келген иман», «Қартайғанда кеткен қадір», «Діни сергек болайық», «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты авторлық мақалалардың жариялануы сынды жайттар ортаға салынды.
ІІМ ҚАЖК Жедел басқармасының аға жедел уәкілі, әділет майоры Д. Абраевтың ұсынысы бойынша ОҚО Дін істері басқармасы тарапынан ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың діни экстремистік идеологияларын таратуына қарсы әрекет ету және теологиялық оңалту кешенді іс-шараларын жүргізу үшін қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіруге арналған арнайы дәріс өткізу қолға алынды.
Ведомствоаралық кеңейтілген жұмыс отырысының қорытындысында қатысушылар өз пікірлерін, ұсыныстарын жасады.

Қ. РЫСПАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Жедел бөлімінің
діни экстремизмге қарсы күрес жедел уәкілі, әділет капитаны

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция капитаны Балжан ӘЛІПОВА: Құқықтық тәрбиенің маңызы зор

Тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келе жатқан мектеп инспекторлары қызметінің бүгінгі қоғамда алатын орны …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған