Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Ардагерге көрсетілген құрмет

Ардагерге көрсетілген құрмет

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ардагер Әбдіуәли Мұсаевпен кездесіп, мерекемен құттықтады.
Ардагер жас өрт сөндірушілердің арнайы келгендеріне өте риза болып, өртке қарсы бөлімдегі 36 жылдық қызметі туралы айтып берді. 1965 жылдың 1 сәуірінде 24 жастағы Әбдіуәли Мұсаев Қызылорда қаласы өрт сөндіру командасына өрт сөндірушісі болып қызметке келген. Екі жылдан кейін ол бөлімше командирі болып тағайындалады. 1975 жылы қарауыл бастығы болып жұмыс істей бастады. Екі жылдан кейін өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып, осылайша өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейінгі дәрежеде қызмет атқарды.
Осы жылдары ол талай адамды ажал аузынан арашалауға атсалысты. 2001 жылы құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін ол өртке қарсы қызметте тағы 7 жыл жұмыс істеді.
Әңгіме барысында Әбдіуәли Мұсаев қонақтарға сол уақыттағы өрт сөндірушілердің киімдері мен жабдықтары туралы әңгімелеп, сол заманғы фотосуреттерді көрсетті.
Әбдіуәли аға қызметкерлерге денсаулық, табыс пен жұмыста жаңа жетістіктер, қуанышты мерекелер мен күнделікті қауіпсіз өмірді тіледі. Өз кезегінде азаматтық қорғау қызметкерлері ардагерге сый-сияпат жасады.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
апаттық-құтқару жұмыстары қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жұмыс тиімділігі жақсарып келеді

13 қазанда Шымкент қаласында ІІМ Көліктегі ІІД-нің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған