Ел қорғанысы – ең басты парыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына ел Қарулы күштерінің қазіргі жағдайы, сонымен бірге, министрліктің жұмыс жоспарларын іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер берілді.
Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас Қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларының қорытындылары туралы баяндап, сол іс-шара барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесін қолдануы жайында есеп берді.
Кездесу нәтижелері бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*