Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Латын әліпбиіне көшуді талқылады

Латын әліпбиіне көшуді талқылады

Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Халқымыздың ынтымағын одан әрі күшейтетін мерекені тойлау аясында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілі мен достығы жарасқан» атты конференция ұйымдастырылды.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев төрағалық етті. Конференция барысында қатысушылар көпұлтты мемлекетте ана тілін үйрену үшін жасалып жатқан жағдайлар, Елбасымыздың бағдарламалары, латын графикасына көшу мәселелерін талқылады. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Рашид Надиров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Әсем Сүлейменова сөз сөйлеп, тіл мәртебесіне қатысты пікір білдірді.
Облыстық ІІД-де 20-ға жуық ұлт өкілі қызмет етеді. Бүгінгі таңда үш тілді білу – заман талабы. Қызметкерлер арасында да өз ана тілін біліп қана қоймай, үш тілді бірдей меңгерген тәртіп сақшылары бар. Солардың бірі – Петропавл қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы, полиция аға лейтенанты Марина Писаренко конференцияда ағылшын тілінде шығарма оқып, отырған қауымды өз білімімен таң қалдырды.
ІІД Екінші арнайы бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Карен Шатверян өз ана тілінде, яғни армян тілінде өлең оқыса, ІІД аға инспекторы, полиция майоры Олег Сизов өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында іс-шараға Родион есімді ұлымен келіп, мемлекеттік тілде Қожаберген жыраудың «Баба тілі» дастанынан үзінді оқыды. Ал 4 жасар Родион ана тілінде және мемлекеттік тілде өлең оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Солтүстік Қазақстан облыстық
ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Суицидке қарсы қайран бар ма? «Бар», – дейді психолог мамандар, оның емі – иманда

Жуырда ІІМ-нің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мұражайда өз-өзіне қол салушылықтың алдын алуға арналған …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған