Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «Үздік жүргізуші» анықталды

«Үздік жүргізуші» анықталды

22 қыркүйекте «Отан» республикалық қоғамдык ұйым автодромы алаңында жүргізушілер құрамының қатысуымен «Жылдамдыққа маневрлаудан үздік жүргізуші» атағына байқау ұйымдастырылды.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 18 бөлімшесі ұйымдастырған байқау өрт сөндіру автокөліктері жүргізушілерінің кәсіби шеберліктерін, жауынгерлік дайындығын көтеру мақсатында жүргізілді.
Байқау 2 кезең бойынша өтті. Теориялық бөлімде – жол қозғалысы ережелерін, өрт сөндіру құрылғысын және арнайы агрегаттар бойынша білімін тексерілді. Ал, практикалық бөлімінде – кешенді жаттығулар орындау, нақты жұмыс жағдайына максималды түрде жақын болу негізге алынды.
Жарыс қатысушылары жылдамдықпен маневрлауды орындады, айыппұл бағалар алып қалуды болдырмай, «Сөре сызығы», «Тоннельді қақпа», «Шұңқыр», «Сегіздік», «Алдыңғы және артқы жүріспен (жылан тәрізді) жүру», «Артқы жүріспен эстакадаға кіру», «Эстафета», «Тоқта» сызығы атты жаттығулар түрлері бойынша кезеңдерден өтті.
Өткізілген байқау қорытындысы бойынша Степняк қалалық №21 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Е. Жанатбеков 1-орынға, Зеренді ауданы, Зеренді ауылындағы №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы С. Төлебаев 2-орынға; Щучье қаласы жасағының Бурабай кентіндегі №20 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы В. Макиенко 3-орынға ие болып, грамоталармен марапатталды.

Ақмола облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Өзгенің өмірі үшін…

Төтенше жағдайға тап болған азаматтарға тәуліктің 24 сағаты ішінде көмекке келуге дайын тұратын Павлодар облысының …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған