Сенім ұялатқан қайырымдылық

«Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында биыл «Мектепке жол» акциясы «Өз болашағымызды бірге жасаймыз!» ұранымен өткізілуде.
Акция мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу.
«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысу – мұқтаж отбасы балаларына көмектесуге мүмкіндік береді. Тұрмысы төмен отбасылардың балалары өмірлік жолда қателікке бой алдыруы мүмкін топқа кіреді. Олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау керек.
Игі шарадан Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесі де тыс қалған жоқ. Олар демеушілік мақсатындағы игі шара өткізіп, мұқтаж отбасылардың балаларына көмек көрсетті. Оларға спорттық киім-кешектер, оқу құралдары, сөмкелер сатып әперді.
Шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі В. Визгалин: «Олардың құрдастары арасындағы әлеуметтік айырмашылық болмауын ескеріп, көмек қолын созып отырмыз. Яғни, бұл шара құқық қорғау қызметкерлеріне балалардың сенімін қалыптастырып, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға мүмкіндік береді», – деді.
«Мектепке жол» акциясы көлемінде жасап отырған осы игілікті шарасы арқылы РУ-170/3 мекемесі қызметкерлері қайырымдылыққа бір табан жақын екендіктерін көрсетті.

Э. ІЛИЯСОВА,
РУ-170/3 мекемесінің инспекторы,
әділет кіші лейтенанты

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*