Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор

Экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А. Дудаға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.
– Бүгін біз Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысамыз. Былтырғы тамызда Польшаға жасаған сапарымды жылы сезіммен еске аламын. Мұндай байланыстар екі елдің ынтымақтасуға деген ниетінің зор екенін білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті.
– Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық. Сіздің өтінішіңізбен елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе рейсі орнады. Осы әуе қатынасына екі мемлекет тұрғындарының сұранысы жоғары екенін және бұл халықтарымыздың тығыз байланыстар орнатуға мүдделілігін білдіретінін атап өткен жөн, – деді Мемлекет басшысы.
Польша Президенті Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Польша бизнес-форумының жұмысына бірлесе қатысудың маңызды екенін айтты.
– Мен біздің кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске аламын. Сіздің Польшаға былтырғы сапарыңыз елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздің сапарыңыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тың серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50%-ға, ал Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты. Осылайша, Сіздің бізге келген сапарыңыздың нәтижесі айқын көрінуде. Мен соған қуаныштымын, – деді А. Дуда.

Сондай-ақ, оқыңыз

Ізгілендіру – игі істердің бастауы

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған