Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Республикалық жарыс жеңімпаздары

Республикалық жарыс жеңімпаздары

Қызылорда қаласында жасөспірімдер мен жас құтқарушылар арасында өрт-құтқару спорты бойынша ұйымдастырылған VІІ Республикалық жаздық чемпионаттың салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Жарысқа еліміздің барлық облысынан 17 команда және Ақтөбеден, Павлодардан және Қызылордадан келген жас құтқарушылардан 3 команда қатысты.

Чемпионаттың жабылуы барысында Өрт сөндіру және құтқару спорты федерациясының директоры, бас төреші Дәурен Данаев чемпионаттың қорытындысын шығарды. Өз сөзінде ол: «Қазақстанда өрт-құтқару спорты жастар арасында жаңа деңгейге өтті», – деді. Спортшыларлың шеберлігін көрсетуге ыстық ауа райы кедергі болмады. Бұл да сынақтың бір түрі болып табылады.

Дәурен Данаев Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Спорттық іс-шараны өткізуге белсенді атсалысқаны үшін Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің директоры Руслан Дүлдүлге, сондай-ақ, бас төрешілер алқасының құрамына рахмет айтты. Жарыстың бас хатшысы Павель Сучковтың жұмысына ерекше мән берілді.

Чемпионат қорытындысында жас құтқарушылар командасы арасынан жеңімпаз кубогы Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің «Жас құтқарушылар» командасының студенттеріне бұйырды. 2-орынды Ақтөбе облысынан келген «Жалын» командасы иеленді және үшінші орын Павлодардан келген «Арлан» командасына бұйырды.

Қыздар арасында шабуыл сатысымен көтерілуде кіші топтан 2003 жылы туған қызылордалық Власенко Ксения үздік шықты. Ол оқу мұнарасын 9,70 секунд нәтижесімен бағындырды. 2-орынды қызылордалық 14 жасар Русалина Муликова жеңіп алса, 3-орынға Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 2003 жылы туған Адема Славина ие болды.

Жақсы нәтижені орта топтағы қыздар, яғни Астана қаласынан келген Адема Сәбитова 9,99 секундта және Мәдина Ахметова 10,65 секундта көрсете білді. Үшінші орынға қызылордалық спортшы қыз Виктория Пустобаева ие болды.

Үлкен топта үздік нәтижені қызылордалық спорт шеберлігіне кандидат Елена Жукова көрсетті. Астана қаласынан келген қыздар Айнұр Алимова мен Еркежан Төлеген екінші және үшінші орындарды иеленді.

Жасөспірімдер арасында кіші топта 1-орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген қонақ Илья Ершов алды. 2-орын Атырау облысынан келген спортшы Инат Тасболатқа, ал 3-орын Тараз қаласындағы мамандандырылған колледждің студенті Нұрдаулет Кұлмахамбетовке бұйырды.

Орта топта үздік нәтижені Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Роман Андрюшенко көрсетті. 2-орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан Ильдар Ізбасаров және 3-орынды Ақтөбе қаласынан Назар Жанғали иеленді.

Үлкен топта орындар келесідей түрде бөлінген: 1-орын – Шығыс Қазақстан облысынан Мұрагер Асылов, 2-орын – Астана қаласынан келген спортшы Ансар Шамшолдаев, 3-орынды Шығыс Қазақстан облысынан Мақсат Романов иеленді.

100 метрлік жолақты кедергілермен бағындырудан кіші топ арасында 1-орынға Шығыс Қазақстан облысынан Илья Ершов ие болды. Орта топтан Оңтүстік Қазақстан облысынан Ізбасаров Ильдар, үлкен топтан Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Сергей Андрюшенко иеленді.

Қыздар арасында кіші топтан 100-метрлік жолақты кедергілерден жақсы нәтижемен өткен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Алина Славина жеңімпаз атанса, орта және үлкен топтарда астаналық қыздар Адема Сәбитова мен Айнұр Алимова алға шықты. Өрт сөндіру эстафетасында қызылордалық қыздар астаналық қыздарға жол берді.

Жауынгерлік қанат жаюды өрістету – өрттен құтқару спортындағы ең қызықты кезең. Осы жүгіру нәтижелері бойынша қыздар арасында Астана қаласынан келген қыздар жеңімпаз болып шықты.

Жастар арасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы чемпион болды. 2-орын Астана қаласының командасына бұйырды және үштікті Шығыс Қазақстан облысының командасы жапты.

Жалпы командалық жеңісті Шығыс Қазақстан облысының командасы алды, екінші тұғырдан Астана қаласынан келген команда табылды және үштікті Шығыс Қазақстан облысынан келген команда бекітті.

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі» ММ

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Он сайыстың үздіктері

Жақында ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қаласы) алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған