Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Үш тілге жетік полицей

Үш тілге жетік полицей

10 тамызда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тіл шебері – 2017» облыстық байқауында Ақтөбе облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Бауыржан Максимов топ жарып, бірінші орынға ие болды.

Бұл байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілін қатар меңгерген 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысып, қазылар алқасының алдында тілдік шеберліктерін сынға салды. Облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл байқаудың басты мақсаты – үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау.

Ақтөбе полициясының қатарында қызмет етіп жүрген полиция аға лейтенанты Б. Максимов осы додада үш тілді жетік меңгергенін дәлелдеп қана қоймай, өзінің жан-жақтылығы мен білікті маман екендігін паш етті. Қарсыластарынан оза шауып, бірінші орынның тұғырынан көрінген Бауыржан 2017 жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін «Тіл шебері – 2017» республикалық байқауына қатысуға жолдама иеленді.

Қызметте жауапкершілігі және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығымен көзге түсіп жүрген ақтөбелік полицей алдағы уақытта республикалық тілдер байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, оқыңыз

Асықпаған «алпыспен» қоян алады

Астана қаласында көліктер саны жыл санап емес, күн санап көбейіп жатыр. Соның салдарынан жол-көлік апаттары …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған