Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Шымырлар мен ептілер сыны

Шымырлар мен ептілер сыны

Көкшетау қаласындағы 1-мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі аумағында Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімшелерінің арасында «Үздік қарауыл» байқауы өтті.

Еліміздің Ата Заңы – Конституция күніне арналған іс-шараға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 18 бөлімшенің кезекші қарауылдары қатысты.

«Құтқару жібін ғимараттың конструкциясына бекіту», «Жылжымалы сатыны оқу мұнарасының 3-қабат терезесіне орнату және көтерілу», «Дабыл бойынша жиналу және шығу», «Автоцистернадан екі оқпанды берумен жауынгерлік қанат жаю» нормативтерін орындауда командалар өз дағдыларын көрсетіп, байқаудың қызықты әрі тартымды күреспен өтуіне атсалысты.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Щучье қаласы жасағының 23-МӨСБ тобы жеңіп алды. 2-орынды Есіл қаласы 9-ӨСБ тобы және 3-орынды Степногор қаласы 16-МӨСБ тобы иеленді.

Іс-шара соңында Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Тасов жеңімпаз болған топтарға бағалы сыйлықтар мен мадақтау қағаздарын табыстады.

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Ел қорғанысы – ең басты парыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған