Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Ынтымақтастықтың жаңа қырлары

Ынтымақтастықтың жаңа қырлары

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда, ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армяндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.

Сондай-ақ, оқыңыз

Антқа адал, міндетке мінсіз ардагер

Бүгінгі күні ішкі істер органдары саласында қызметіне қалтқысыз берілгендердің қатары көп. Тәуелсіз елдің осындай тарландарын …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған