Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Жедел жеткізу қызметі іске қосылды

Жедел жеткізу қызметі іске қосылды

Қазпошта 35 бағыт бойынша EMS жөнелтімдерді «күнбе-күн» жедел жеткізу қызметін іске қосты.  

Қазпошта хаттар мен сәлемдемелерді жедел жеткізу қызметі 2014 жылдан бастап хаттарды қабылдаған күні 23.00-ге дейін Астана және Алматы тұрғындарына жеткізіп келеді. Енді Қазпошта «EMS-Kazpost» бөлімшесі бұл географияны республика бойынша 35 бағытқа дейін кеңейтті және құжатты қабылдау уақытын ұзартты.

«Күнбе-күн» қызметін пайдалану үшін клиент жөнелтімді қабылдау пунктіне сағат 09.00-дан бастап сағат 13.00-ге дейін тапсыруы тиіс (қабылдау уақыты өңірлерге қатысты өзгереді). Мысалы, Алматыдан Қызылордаға хат-хабар жіберу кезінде, оны қабылдау пунктіне сағат 13.00-ге дейін тапсыру керек, алушыға жөнелтім сағат 23.00-ке дейін жеткізіледі. Астанадан Шымкентке жедел жөнелтімді сағат 09.30-ға дейін беру керек, ол мекенжайға сол күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жеткізілетін болады.

«EMS жөнелтім – хатты немесе сәлемдемені жеткізудің ең жылдам және қолайлы тәсілі. Курьер сәлемдемені жөнелтушіге қолайлы орыннан алып кетеді және оны қабылдап алушының үйіне немесе офисіне жеткізеді. EMS-жөнелтім тіркеліп, оны жеткізу мен тапсыруды трек-нөмірі арқылы қадағалауға болады. Қызмет үшін тарифтер 5000тг/0,3кг-нан 15000тг/10кг-ға дейін өзгерді», – деп атап өтті «EMS-Kazpost» директоры Диас Мырзаханов.

Жеткізу мерзімдерін қысқарту үшін «EMS-Kazpost» хат-хабарларды облыс орталықтары арасында авиакөлікпен, бір-бірінен 250 км-ден аспайтын қашықтықта орналасқан қалалар арасында автокөлікпен жөнелтеді.

Сондай-ақ, оқыңыз

Антқа адал, міндетке мінсіз ардагер

Бүгінгі күні ішкі істер органдары саласында қызметіне қалтқысыз берілгендердің қатары көп. Тәуелсіз елдің осындай тарландарын …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған