Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Адам өміріне араша түсті

Адам өміріне араша түсті

Елордалық полицей мен Франция елінің азаматы көпірден секіріп кеткен жас жігітті құтқарды.

5 тамыз күні сағат таңғы 7.40 шамасында Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына Қабанбай батыр даңғылындағы «Рамстор» сауда үйі маңындағы көпірдің сүйенішінде төменге секірейін деп тұрған жас жігіт назарға ілігеді. Тез арада оқиға орнына Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жетеді. Алайда, ол уақытта жас жігіт суға секіріп үлгерген болатын.

Құтқаруға алғашқы болып Астана қалалық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясының қызметкері Азамат Балтабаев кіріседі. Оның соңынан Франция елінің азаматы Жорж Киеффер көмекке келеді. Екеуі бірлесе жас жігітті судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Жігіттің 1991 жылғы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Отбасылық ұрыс-керістің салдарынан өзіне қол жұмсамақ болған. Франциялық азамат Жорж Киеффердің полиция аға сержанты екендігі және оның Франция елшілігінің қауіпсіздік жөніндегі офицері болып қызмет ететіндігі белгілі болды.

Елордалық полицей Азамат Балтабаевтың адам өмірін құтқарудағы бұл алғашқы әрекеті емес. Ол биыл 2 мамырда да «Иргиз-134» экипажының құрамында жүргенде Сарайшық көшесі бойындағы пәтерлердің бірі түтіндеп жатқандығын байқап, ІІД Жедел басқару орталығына шұғыл арада хабарлаған. Пәтердің 6-қабатында өздігінен қозғала алмайтын егде әйел адамның және 8-қабаттағы ер адамның барын біле салысымен, Азамат Балтабаев оларды далаға алып шыққан.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Латын әліпбиіне көшуді талқылады

Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Халқымыздың ынтымағын одан …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған