Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Заңсыздықтың жолы қысқа

Заңсыздықтың жолы қысқа

Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының 1961 жылғы тұрғыны мен оның ұлының сексеуілді кесіп, оны Алматы қаласы аумағында заңсыз сатумен айналысқандығы туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚК-нің 340-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Тергеу басқармасы мен Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлерінің Алматы және Жамбыл облысы мен Алматы қаласына жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмыстық іске қатысты топ құрықталды. Біруақытта 11 жерде жүргізілген тінту шаралары барысында күдіктілердің тұрғын-жайынан 40 тоннадан астам сексеуіл, ағаш кесетін құралдар, таразы, сондай-ақ, сатуға дайындалған сексеуіл салынған қораптар тәркіленді.

Сонымен қатар, тінту кезінде бірнеше күдіктінің тұрғын-жайынан заңдастырылмаған тегіс оқпанды қару, Калашников автоматының оқтары табылды. Қазіргі уақытта ІІД Тергеу басқармасымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Алаяқтарға алданғандар қатары көп

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде қайтарымсыз несие алып беремін деп азаматтарды алдап келген ер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған