Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Діни қызмет туралы заңнаманы бұзған

Діни қызмет туралы заңнаманы бұзған

Көліктегі ІІД қызметкерлері Астана қаласы халықаралық әуежайында кітап сататын дүңгіршектердің бірінде діни мазмұндағы кітаптарды сату фактісін анықтады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен сауда нүктесінің иесі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 490-бабы, 3-тармағының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған сауда нүктесіндегі «әдебиет бизнесі» бөлімінің қызметін тоқтата отырып, 200 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Көлік полициясы «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тарату тек діни рәсімдік ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдар бекіткен арнайы стационарлық орындарда ғана жүзеге асырылатындығын ескертеді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Заңсыздықтың жолы қысқа

Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының 1961 жылғы тұрғыны …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған