Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Ұлт Жоспары – болашаққа нақты қадам

Ұлт Жоспары – болашаққа нақты қадам

Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарда мықты әлеуметтік мемлекеттің негізі қаланды. 26 жыл ішінде тамыры терең тарихымызда жас мемлекет небір қиындықтарды бастан өткерді. Соған қарамастан, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біз бұл кезеңді абыроймен өте білдік, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін айқара аштық.

Сонымен қатар, біз нығайдық, экономикамыз дамыды, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болдық. Қазақстан Еуропа елдерінің әлеуметтік дамуының сапалы деңгейіне жақындады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында алдымызға нақты міндеттер қойылды. Соның бірі – барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажеттілігі. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру да негізгі міндеттердің бірі. Бұл мәселе Ұлт жоспарының 13-ші, яғни жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамында көрініс тапқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу туралы Жоспардың 28, 29-қадамында айтылған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бұл біздің еліміздің, халқымыздың болашағына жол бастар сенімді нақты қадам. Ондағы барлық тапсырмалар Павлодар стансасындағы ІІЖБ жеке құрамымен зерделеніп, талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтылып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, нақты тапсырмалар берілді.

«Біз бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуымыз тиіс» деп жазылған. Егер отбасыңа, қоғамыңа және өзіңнің халқыңа қажетті істі жүзеге асырсаң, онда сен табысқа жетесің. Бұл халықтың игілігі үшін бірінші дәрежедегі жүзеге асырылуы мүмкін міндеттер болып табылады.

Осыған орай, Павлодар стансасындағы ІІЖБ полиция қызметкерлерінің қызметі де өз парызын адал орындауға және қызметтік міндеттерін сапалы атқаруға бағытталған. Жеке құраммен тәрбиелік жұмыстар күшейтілген. Қызметке жаңа түскен жас полиция қызметкерлеріне баса көңіл аударылуда. Осы мақсатта қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге бір жыл бойы бірге жұмыс атқарып, алдарына қойылған мақсаттарға жету үшін тәжірибелі тәлімгер бекітіледі. Еңбекте жоғары нәтижеге жету арқылы біз ұжымда, жалпы қоғамда да өз кәсібилігімізбен мақтана алатындай болуымыз керек. Сонымен бірге, заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіп бұзушылықты жою бойынша профилактикалық сипаттағы іс-шараларға ерекше назар аударылады. Көптеген профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер өткізіліп тұрады.

Павлодар стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызмет атқару аумағында, әуе және темір жол көлік нысандарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, құқықтық тәртіпті бекіту, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау – біздің басты міндетіміз.

Павлодар стансасындағы ІІЖБ жеке құрамы Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін аямай еңбек етеді.

Ғалым Омарбеков,

Павлодар стансасындағы ІІЖБ бастығы,

полиция полковнигі

Сондай-ақ, оқыңыз

Заңсыздықтың жолы қысқа

Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының 1961 жылғы тұрғыны …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған