Қауіпсіз жазғы демалыс

Жуырда көлік сақшылары темір жолға жақын жерде орналасқан «Химгородки» ықшам ауданында рейдтік іс-шара өткізді.

Темір жол көлігі нысаны аса қауіпті аймақ болып саналатындықтан, темір жол маңында жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, темір жолда болатын жазатайым оқиғалардың, пойыздардың шұғыл тежеу фактілеріне жол бермеу, алдын алу, ескерту мақсатында Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жеке құрамы және темір жол ұйымдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты тұрде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Кезекті рейд барысында жұртшылыққа темір жол бойындағы тек қана белгіленген жерден өту ережелерін түсіндіріп, жолды өтер алдында келе жатқан пойыздың жоқтығына нақты көз жеткізу керек екендігін жеткізді. Сонымен бірге, Павлодар стансасындағы ІІЖБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Ж. Шадиев жасөспірімдерге Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс баптарын түсіндіріп, жазғы демалыс кезінде балалардың жазатайым оқиғаларының алдын алу мақсатында темір жол жолдарымен жүруге, төбесіне шығуға, баспалдаққа, вагонның өту алаңдарында жүруге болмайтыны, оған қатаң тыйым салынатындығы туралы да айтты. Тұрғындарға ескертпе-буклеттер таратылды.

Павлодар стансасындағы ІІЖб МТАТ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*