Алдын алу шараларының ауқымы кең

Суға шомылу маусымында адам шығынын болдырмау мақсатында Сырдария өзенінің жағалауында профилактикалық рейдтер жиі өткізіліп тұрады.

Осындай кезекті шара Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары, Төтенше жағдайлар департаменті, көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Рейд барысында Сырдария жағалауындағы Мерей мөлтек ауданындағы, ескі базар аумағындағы жағажай, суға түсушілердің жиі баратын орталық ХҚКО жанындағы жағажайлар, т.б. суға шомылу орындары тексерілі.

Үстіміздегі жылдың басынан бері Қызылорда облысы бойынша 19 адам суға кетсе, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар болып отыр.

Суға шомылу маусымы басталғалы бері өтіп жатқан рейдтер барысында құтқарушылар жұртшылыққа 10000 данадан астам үгіт-насихат парақшаларын таратып, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету тәсілдерін түсіндірді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр

жедел құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*