Сақтықты білгенге сәттілік жолдас

Қостанайлық құтқарушылардың жұмысы қызу үстінде. Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бақсытсыз жағдайларды болдырмау мақсатында суға шомылушыларды тәулік бойы бақылауда.

Суға шомылу маусымының аяқталуына дейін аз уақыттың қалғанына қарамастан, күн сайын су айдындарына қарай бет алатын тұрғындар саны азаяр емес және шомылуға арналған орындардан бөлек, қауіптілігі жоғары, тіпті, тыйым салынған жерлерде суға түсетіндер баршылық.

Осындай тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында жергілікті құтқарушылар рейдтер жүргізуде. Профилактика үшін демалушыларға судағы қауіпсіздік тәртібін түсіндіріп, парақшалар таратылып жатыр.

Дерекке жүгінсек, жыл басынан бері облыста 10 адам суға кетті, оның 3-еуі – балалар. Барлық қайғылы оқиғалар суға түсуге арналмаған және құтқару бөлімшелерінің әрекет ету аймағынан тыс жерлерде орын алды.

Құтқарушылардың айтуынша, «жабайы жағажай» деп аталатын суға шомылуға рұқсат берілмеген орындар әдеттегіше басты проблема болып қалып отыр. Адам өлімінің көбі нақ сол жерлерде болып жатыр. Көбінесе мас күйіндегі адамдар, өзінің күшіне сеніп, жағадан алыстап кеткендер және үлкендердің қарауынсыз қалған балалар бақытсыз жағдайлардың құрбаны болып жатады.

Осындай оқиғаларды болдырмау үшін қостанайлық құтқарушылар адамдар жаппай жиналатын орындарда, сондай-ақ, Тобыл өзені айдыны жағалауында тұрақты патрульдеу жүргізіп келеді. 1 маусымнан бастап бұл іс-шараға полицейлер де қосылды.

Құтқарушылар азаматтарға суға шомылуда аса абай болуды және қандай жағдайда да тек рұқсат берілген орындарда ғана шомылуды қатаң ескертіп, жадынамалар таратуда.

Қостанай облысы ТЖД

баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*