Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Сандық жүйе салтанат құрады

Сандық жүйе салтанат құрады

Сандық технологиялар көлік, медицина, қаланы басқару, экономика, қоршаған орта және басқа да бағыттарда енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет сандық технологияны, жаңа сала – 4.0. индустриясын дамытуды тапсырды. Сандық жүйеге көшкен заманда смарт-шешімдерді енгізбеу мүмкін емес. Smart city – бұл жәй ғана сәндік термин емес, жаңа технологиялар мен сандық шешімдерді өмірдің барлық саласында жүзеге асыру жолы» делінген қалалық инвестициялар және даму басқармасының хабарламасында.

Smart Astana тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың қажеттілігіне бағытталған және қаланың барлық өмір саласын 6 бағыт бойынша қамтиды: ақылды басқару, ақылды қоғам, ақылды өмір салты, ақылды қоршаған орта, ақылды көлік және ақылды экономика.

«Тұжырымдама аясында трансұлттық компаниялармен және өзге де көптеген CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, Mastercard, OrhitecGISnAp секілді халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда 20 жоба анықталып, оларды жүзеге асыру басталды. Бұл – ақылды көше жарықтандыру, бейнебақылау, Smart медицина, Smart мектеп, балаларды балабақшаға автоматты түрде анықтау жүйесі, тұрғынның бірыңғай картасы, е-әкімдік, «Smart Astana», е-Билет, Smart tracking, e-KCK, интеллектуалдық, сараптамалық платформа» делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, оқыңыз

Жедел жеткізу қызметі іске қосылды

Қазпошта 35 бағыт бойынша EMS жөнелтімдерді «күнбе-күн» жедел жеткізу қызметін іске қосты.  

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған