Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Сыр өңірі – Сарыарқада

Сыр өңірі – Сарыарқада

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді.

Шара аясында тарихи-өлкетану және қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, спектакльдер мен концерттер, сондай-ақ, Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясындағы 52-ші экспедиция экипажы көрмеге келушілермен байланысқа шығып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды. Мәдени-бұқаралық іс-шараларға облыстан 270-ке жуық көркемөнерпаздар ұйымының өкілдері қатысады.

Сонымен, 10 тамыз күні Мәдениет күндерін аймақ тарихы мен мәдениетіне арналған «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және қолданбалы өнер көрмесі ашады (Өтетін жері: «Қазанат» ипподромы). Мұнымен қоса, 25 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері «Шығыс базары» жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Көрме 20 тамызға дейін жалғасады. Осы күні, 10 тамызда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Иран-Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі қойылады. Сондай-ақ, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының өнерпаздары М. Ахунзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің!» атты комедиялық қойылымын сахналайды. 11 тамызда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей театрландырылған қойылым ұсынылады.

12-13 тамыз күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесінде («Қазақстан» СК жанында) қала тұрғындары мен қонақтарына Сыр өңірінің өнімдері ұсынылады. Жәрмеңкеде қызылордалық 30 шаруашылық өз өнімдерін саудаға шығарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40-тан астам түрлері нарық бағасынан төмен бағада сатылады: күріш, жылқы еті, сүт өнімдері, қымыз, шұбат, балық, көкөніс, бақша өнімдері және т.б. 12-13 тамыз күндері «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар: ат үстіндегі өнер, қыз қуу, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақтан, асық атудан және қазақ күресінен сайыстар ұйымдастырылып, қазақы тазылардың көрмесі өтеді.

Қызылорда облысының Мәдениеті күндерінің бағдарламасы 14 тамыз күні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы амфитеатрда өтетін «Сырдария-Жырдария» атты гала-концертпен қорытындыланады. Концертте би ансамбльдері, жыршы, термешілер, қазақ эстрадасының жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және т.б өнер көрсетеді.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Ел қорғанысы – ең басты парыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған