Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Қуатты жер сілкінісі

Қуатты жер сілкінісі

Қытай

Қытайдағы жер сілкінісінен 12 адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша Қытайдың Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен 175 адам зардап шегіп, 12 адам қаза тапқан.

Қытайдың төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ұлттық комиссиясының болжамынша, жер сілкінісінен өлгендер саны жүзден асып кетуі, ал қираған үйлер саны 130 мың шамасында болуы мүмкін. Мұның алдында 2 мың адамдық қонақүйдің қирағаны туралы деректер жария етілген болатын.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, зілзала 7 миллионнан аса адам тұратын Чэнду қаласынан солтүстікке қарай 280 шақырым қашықта болған. Жер сілкінісінің ошағы – 9 километр тереңдікте. Зілзала аймағында Цзючжайгоу атты қорық бар, ол – туристер көп келетін орындардың бірі. Жергілікті билік мәліметтері бойынша, ол жерге сейсенбі күні 40 мыңға жуық адам келген. Жер сілкінісінен өлген адамдардың кемінде бесеуі – туристер.

Түнде Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болған еді. Бұл – Қытайдағы халық ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Онда қазір 80 миллионнан астам адам тұрады. Бұл, сонымен қатар, сейсмологиялық тұрғыдан қауіпті аудандардың қатарында. 2008 жылы болған зілзаладан мұнда 70 мыңнан аса адам қаза болған-ды.

Сирия

Қала үшін қақтығыс

Сирияда Ракка қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда бір тәулікте АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе соққыларынан 29 бейбіт тұрғын опат болған.

Сорақысы сол, құрбан болғандардың тең жартысы – балалар. Айта кеткен жөн, Ракка «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының бейресми астанасы саналады. Оны жаудан арылту шарасы былтыр қарашада басталған. Алайда, биыл маусымнан бері шаһар үшін шайқас тың қарқынмен жүріп жатыр. АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуе шабуылдарын жасап, жергілікті жауынгерлерге жәрдемдесіп жүр.

Негізі осы коалиция 2014 жылдан бері лаңкестікпен күрес аясында Сириямен қоса, көрші Иракта да содырларды соққылап келеді. Сол уақыттан бері әуе шабуылдары 600-ден астам бейбіт тұрғынның өмірін қиған.

АҚШ

«Қар адамын» атуға болмайды

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының полицейлері «қар адамын» атуға ресми түрде тыйым салды.

Штат тұрғындарына бағытталған үндеу Макдауэлл графтығында «қар адамы» пайда болған кезекті «оқиғадан» кейін жарияланды. Айта кетейік, 2015 жылы жарық көрген видеоны қоса есептегенде, аталған жаратылыс иесімен кездесу жайлы хабарлама бұл графтықтан жиі келіп түседі.

Жергілікті полиция «қар адамының» өмір сүретіндігін нақтылайтын дәлел жеткіліксіз екендігін мәлім етті. Дегенмен, штат тұрғындарының тіршілік иесіне оқ атуына тыйым салды. Өйткені, ол небәрі горилланың киімін киген адам болуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, оқыңыз

Ел қорғанысы – ең басты парыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған